A_1179_sha__1179_ar_men_zheti_gnom__www_Wikikaz_kz Flipbook PDF

A_1179_sha__1179_ar_men_zheti_gnom__www_Wikikaz_kz

84 downloads 111 Views 7MB Size

Recommend Stories


Porque. PDF Created with deskpdf PDF Writer - Trial ::
Porque tu hogar empieza desde adentro. www.avilainteriores.com PDF Created with deskPDF PDF Writer - Trial :: http://www.docudesk.com Avila Interi

EMPRESAS HEADHUNTERS CHILE PDF
Get Instant Access to eBook Empresas Headhunters Chile PDF at Our Huge Library EMPRESAS HEADHUNTERS CHILE PDF ==> Download: EMPRESAS HEADHUNTERS CHIL

Story Transcript

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды

À¢øà¢àð ìåí æåò³ ãíîì

Қыс мезгілі болатын. Мамықтай ақша қар аспаннан қалықтап, жайлап жерге қонып жатыр. Жақтаулары қара ағаштан жасалған терезенің алдында кестесін тігіп ханшайым отыр. Ғажайып көрініске сүйсіне қарап қалған ханшайым байқаусызда қолына ине кіргізіп алады. Аппақ қардың бетіне қан тамып кетеді. Сонда ол: «Шіркін, бет-жүзі мына қар сияқты аппақ, бетінің ұшы мына қан сияқты алқызыл, шашы мына терезенің жақтауларындай қап-қара бір қызым болса ғой!» – деп ойлайды.

2

Көп уақыт өтпей-ақ ханшайым жүкті болып, өмірге қыз әкеледі. Ол қыздың беті қар сияқты аппақ, бетінің ұшы қан сияқты алқызыл, шашы терезенің қара ағашындай қап-қара болады. Сол себепті де оған Ақшақар деген ат қояды. Алайда нәресте туған кезде ханшайым қайтыс болып кетеді.

3

Бір жыл өткен соң патша басқа әйелге үйленеді. Ол өте сұлу, тәкаппар әрі өркөкірек болатын. Ешкімнің сұлулығы өзінен асып кеткенін қаламайтын. Оның сиқырлы айнасы бар екен. Сол айнаға қарап, үнемі одан: – Айнам менің айтар ма екен, Бұл дүниеде менен асқан сұлуды байқар ма екен? – деп сұрайтын. Сонда айна оған: – Ханшайымым менің, бұл дүниеде сізден асқан сұлу жоқ, – деп жауап беретін. Ханшайым бұған мәз болатын. Өйткені айнасының өтірік айтпайтынына сенетін.

4

Бұл уақытта Ақшақар да әдемі қыз боп бойжетіп келе жатқан. Жеті жасқа келгенде жүзі нұрланып, сұлулығы ханшайымнан асып кетеді. Бір күні ханшайым айнасынан: – Айнам менің айтар ма екен, Бұл дүниеде менен асқан сұлуды байқар ма екен? – деп сұрайды. Сонда айнасы: – Ханшайымым менің, бұл дүниеде көп сұлудан артықсыз. Ақшақардың сұлулығы сізден бірақ артық тым, – деп жауап береді. Мұны естіп ызадан жарылардай болған ханшайым біресе көгеріп, біресе сазарады. Ақшақарды көрсе, қызғаныштан жүрегі қарс айырылатындай күйге түседі. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалады.

5

Амалы таусылған ханшайым Ақшақардың көзін құртуды ойлайды. Сөйтіп бір күні аңшыларының біреуін шақыртып: – Мына қызды орманға апарып, өлтір. Өлтіргеніңнің дәлелі ретінде маған оның өкпесі мен бауырын алып кел. Мен қызды көргім келмейді, – деген тапсырма береді. – Бұйрығымды орындамасаң, басыңды аламын! – дейді қаһарлана. Ханшайымның айтқаны – заң. Аңшы еріксіз келісім береді.

6

7

Ақшақарды орманға алып келгенімен, сұлуды өлімге көзі қимаған аңшы бар жағдайды баяндап береді. Қыз байғұс өзінен бұрын шарасыз аңшыны аяйды. Шақшадай бастары шарадай болып келе жатқанда алдарынан жаралы бір елік кездеседі. Құтқармақ болып, жанына жақындағанда елікке тіл бітіп:

8

– Қайырымды аңшы, мені құтқарып әуре болма. Мен бәрібір тірі қалмаймын. Одан да қызды орманға жібер де, менің өкпем мен бауырымды ханшайымға алып бар, – дейді де, өмірмен хош айтысады. Аңшы қызды босатып жібереді. Жас еліктің өкпесі мен бауырын ханшайымға апарып береді. Байғұс қыз қалың орманда жалғыз қалады. Кенет ол кіп-кішкентай үйшікті көреді. Аздап тынығып алмақ болып, үйшікке кіреді.

9

Үйшіктің ішінде аппақ дастарқан жаюлы тұрады. Дастарқанның үстіне жеті кішкентай табақ, әр табақтың жанына кішкентай қасықтар және жеті пышақ пен жеті шанышқы қойылыпты. Қабырғаның бойымен жеті кереует тұр екен. Ал олардың үстіне аппақ жамылғылар жабылыпты. Бұл гномдардың үйі еді. Кешке үй иелері оралып, бір өзгерісті байқайды. Кенет бір гном төсегінде біреудің ұйықтап жатқанын көреді. Шам жарығын

10

бетіне түсіріп қараса, сұлу қыз екен. Сұлудың ұйқысын бұзғысы келмеген гном түнімен басқа гномдардың жанына кезектесіп ұйықтап шығады. Таң атып Ақшақар ұйқысынан оянғанда жан-жағында отырған кішкентай адамдарды көреді. Қорқып кеткен қыз жылап жібереді. Гномдар жылы қабақ танытқан соң, болған жайды баяндап береді. Ақшақарға жаны ашыған гномдар үйлерінде тұруға рұқсат береді. Сөйтіп күн артынан күн өтіп жатады.

11

Ханшайым болса, өзінен басқа сұлу жоқ деп алаңсыз жүреді. Бірде ол: – Айнам менің айтар ма екен, Бұл дүниеде менен асқан сұлуды байқар ма екен? – деп айнасынан сұрап қалады. Сонда айна: – Ханшайымым менің, бұл дүниеде көп сұлудан артықсың. Бірақ жеті таудың ар жағында, жеті гномның қастарында жүрген Ақшақардың сұлулығы сізден артық тым, – деп жауап береді. Айнаның өтірік айтпайтынын білетін ханшайым қорқып кетеді.

12

Аңшының өзін алдағанына, Ақшақардың амандығына көзі жетеді. Елдегі бірінші сұлу өзі емес, кішкентай Ақшақар екенін біліп, ашуға булыға түседі. Сол сәттен бастап ол қызды қалай да тауып алуды ойластырады.

13

Бір күні саудагер болып киініп, орманға өгей шешесі келеді. Ақшақар үйде жалғыз болатын. Есікті қағады. «Ешкімге есік ашпа» деген гномдардың сөзі есіне түскен қыз: – Маған ешкімге есік ашпа деген. Аша алмаймын, – дейді. Айлакер ханшайым қыздың көзін қызықтырып, әкелген заттарын терезеден көрсетеді. Қызығып кеткен Ақшақар есікті ашады. Саудагердің бұйымдарының ішінен оған бағалы тастармен әшекейленген бір тарақ қатты ұнап қалады.

14



Кел, шашыңды тарап берейін. Сендей сұлуға ғана лайық бұл тарақ, – деп саудагер мақтауын асыра түседі. Ештеңеден күдіктенбеген Ақшақар шашын тарауға рұқсат етеді. Тарақ тиген бойда қыз есінен танып, құлап түседі. Бұл оқиға кешке таман болған еді. Көп кешікпей гномдар да келеді. Ақшақардың еденде сұлық жатқанын көріп, мұның өгей шешесінің ісі екенін бірден түсіне қояды. Не істейміз деп отырғанда, қыздың шашындағы тарақты көреді.

15

16

Улы тарақты шашынан ажыратып алған кезде Ақшақар да оянады. Не болғанын айтып береді. Ханшайым бұл уақытта үйіне жетіп, айнаның алдына отырып, одан: – Бұл дүниеде менен асқан сұлуды бар ма екен? – деп сұрайды. Айна бұрынғысынша: – Жеті таудың ар жағында, жеті гномның қастарында жүрген Ақшақардың сұлулығы сізден артық, – деп жауап береді. Мұны естіген ханшайым ашуланып: – Ақшақардың көзін құрту керек! Қайтсем де мен оны өлтіремін! – деп айғайлап жібереді. Өгей шешесі ешкім білмейтін жасырын бөлмеге кіріп алып, «іске» кіріседі. Қып-қызыл, көздің жауын алатын алманың біреуін таңдап алып, оны улайды. Удың күштілігі сонша, бір тістеген адам сол жерде тіл тартпай кететін еді. Алма дайын болған соң, ол жұмысшы әйел болып киініп, жеті таудан асып, жеті гномның үйшігіне келеді. Есікті қағып еді, Ақшақар терезеден басын шығарып: – Үйге ешкімді кіргізуге болмайды, жеті гном есікті ашуға рұқсат етпейді, – дейді.

17

18

– Олар дұрыс айтады, – деп жауап береді әйел. – Бірақ мына алмаларды не істеймін, қайда жіберемін? Қаласаң, мен саған біреуін тарту етейін. – Жоқ, маған ешкімнен ештеңе алма деген. Ақшақар алмаға қатты қызығады. Терезеден қолын созып, уланған алманың біреуін алады. Алманы тістегені сол еді, жерге құлап түседі. Қыздың қимылсыз жатқанын көрген залым ханшайым қуанғанынан сақ-сақ күледі.

19

Сол күні гномдар үйге кеш келеді. Қараса, есік ашық, Ақшақар жерде құлап жатыр. Қап-қара шашы төгіліп, тәтті ұйқы құшағына еніп кеткендей. Мынадай сұлу қызды жерге көмуге қимаған гномдар Ақшақарды көріп тұру үшін шыныдан табыт* жасап, табытты таудың шыңына апарып қоюды жөн көреді. Қызды табытқа жатқызып, жетеуі жеті жақтан табытты көтеріп тауға қарай бет алады. Табыт көтеріп бара жатқан гномдарды серуенге шыққан бір ханзада көреді.

*Табыт – өлген адамның денесін салатын арнаулы қорап.

20

Ханзада табыттың ішінде жатқан Ақшақарды көріп ғашық болады. «Табытты маған беріңдер», – деп гномдарға жалынады. Гномдар жігітті аяп, табытты алуына рұқсат етеді. Ханзада нөкерлеріне табытты көтертіп, өз сарайына қарай жол бастап кете барады. Біраз жүрген соң нөкерлерінің біреуі жерде жатқан тасқа шалынып құлап түседі. Сол кезде табыт шайқалып кетіп, қыздың тамағына кептеліп қалған алма ұшып шығады.

21

22

Кеудесіне қайта жан біткен Ақшақар табыттың қақпағын ашады да, кеудесін көтеріп: – Құдайым-ау, мен қайдамын? – дейді таңдана. Қыздың тірілгенін көрген ханзаданың қуанышында шек жоқ еді. Ол сұлуға болған жайды түгел баяндап береді. Сонан соң: – Сен маған бәрінен де артықсың. Менің жұбайым бол, – деген ұсыныс жасайды. Бұл кезде еш уайым-қайғысыз отырған ханшайым ерігіп қолына айнасын алады да: – Айнам менің айтар ма екен, Бұл дүниеде менен асқан сұлуды байқар ма екен? – деп сұрайды. Сол кезде айна: – Ханшайымым менің, бұл дүниеде көп сұлудан артықсыз. Ханзаданың жанындағы ханшаның сұлулығы сізден бірақ артық тым, – деп жауап береді. Мұндай жауапты күтпеген залым әйел сол жерде жан тапсырады.

23

Ал Ақшақар ханзадаға тұрмысқа шығуға келісімін береді. Ханзада Ақшақарды өз патшалығына ертіп келеді. Екеуі сарайға қол ұстасып кіреді. Ұлын қарсы алған патшаға: – Әке, мынау менің қалыңдығым, – деп таныстырады. Сөйтіп, ханзаданың әкесі дүрілдеген той жасайды. Бұл тойға қатысқан да арманда, қатыспаған да арманда.

24

л о ж н а м р ы т ы Ш

Ашаар гномдарды йіне апаратын жолды таппай тр, көмектес.

25

қ а б м ұ ж з Сө 1

А

2

Т

26

Жауабы:

Көлдене інен: 3. Ашаарды ормана кім алып келді? 4. Ашаарды алаш өлімнен сатаан ай жануар? 5. Гномдар Ашаарды өлі денесін айда салды?

К

Тігінен: 1. Ертегіні басты кейіпкері кім? 2. Гномдарды саны нешеу?

І

5

Ж 4 Е

А Қ А Ң Ш Ы А Ж Қ Е Л Т А Б Ы Т Р І

3

А

Ғажайып нүктелер

4

5 6

3

7

8

9 2

10 11

1 12

13 14 15

16 17 35 34

36

33 18

39

37

48

19 40

32 20

47

21 38 31

41 46

22

30 23

42

45

29 44

24 25

26

28

43

27

Нктелерді бір-бірімен сызы арылы ос. Шыан суретті боя.

27

28 Жауабы: 1. Алма, 2. С лу, 3. Ханзада, 4. Ханшайым, 5. йшік, 6. Кереует, 7. Саудагер, 8. Тара, 9. Айна, 10. Нөкер.

1.

Л

А

М

А

2.

Ұ

Л

С

У

3.

Н

А

З

А

А

Д

Х

4.

Х

А

Й Ш А

М

Н

5.

І

Ү

Ш

К

Й

6.

Е

P

Е

К

У

Е

Т

7.

У

С

A

Г

Е

Р

Д

8.

Қ

А

Р

Т

А

9.

А

Н

Й

А

10. Е

Р

К

Ө

, н а Ойл

Н А Ы

Әріптерден сөз  ра.

тап

п а т н ы ғ ы л ы ш а м р ы Ай

29

з ө с н ы р ы с Жа І A Л Р А Қ И С

С А Ə Һ Л Ғ Ə

А Л М А

A

Ж

М А E

Г І В T А Л Х Э

Ю А А П E М Ө

A Ə А Л М А O

A P Ұ А E П Ң

Ұ

E

А

Ғ I Қ Л B A Ғ Л

Ң З E М C К З М

H Қ O А А Л М А

Ашаара өгей шешесі алдап, уланан алма берді. Алманы бір бөлігі тамаына кептеліп алып, ару мәгілік йыа кетті. Кестеде «алма» сөзі неше рет айталанан? Жауабын берілген шаршыа жаз.

30

н а с п Жұ Ертегіге атысы жо кейіпкерлерді тап. аланы нешеу?

31

і ш т е р у с Жас

Гномны суретін салып йрен.

32

Get in touch

Social

© Copyright 2013 - 2024 MYDOKUMENT.COM - All rights reserved.