DOC-20230329-WA0007. Flipbook PDF


17 downloads 99 Views 4MB Size

Recommend Stories


Porque. PDF Created with deskpdf PDF Writer - Trial ::
Porque tu hogar empieza desde adentro. www.avilainteriores.com PDF Created with deskPDF PDF Writer - Trial :: http://www.docudesk.com Avila Interi

EMPRESAS HEADHUNTERS CHILE PDF
Get Instant Access to eBook Empresas Headhunters Chile PDF at Our Huge Library EMPRESAS HEADHUNTERS CHILE PDF ==> Download: EMPRESAS HEADHUNTERS CHIL

Story Transcript

ЖАЗУДЫҢ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУЫ

Орындаған: Ахонова Мөлдір Топ: ПИМНО - 211

Жазу – адамның ойпікірінің қағаз бетіне түсірілген сөз, әріп таңбалар жүйесі. Жазу (жазба тіл) - адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмір сүруінің саласында қарымқатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Жазудың тарихы өте ерте заманнан басталды. Көркем жазу әдісі - тікелей жазу тарихымен байланысады.

Ежелден адамдар өз ойын келер ұрпаққа жеткізу үшін тасқа, металлға, ағашқа, саз балшыққа жазған екен. Одан кейін папирус, пергамент, матаға, қағазға жазатын болды. Жазу қарулары да өзгерді. Олар қамыс ағаш, бояу жаққыш, қаздың қауырсыны, болаттан жасалған қаламұш, шарик қаламсабы болды.

Жазусыз мәдениет атаулыны елестету мүмкін емес. Көрнекті жазушы Леонид Леонов жазудың маңызы туралы былай деді: «Адамдардың тегін қорлық жағдайдан бөліп алып шыққан, өткен замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың ішінде жазу өте-мөте үлкен рөл атқарады. Алфавиттің туған күнін адамның өзін-өзі біліп ұғынуындағы дәуір деп есептеуге болады, осыдан бастап кітап басу станогінің пайда болуына тура жол ашылды. Адам өзінің қазіргі биігіне нақ кітап арқылы баспалдақпен көтерілгендей көтерілді».

К. Аханов жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай мынадай түрлерге қарай бөледі: 1) пиктографиялық жазу; 2) идеографиялық жазу; 3) буын жазуы; 4) әріптік немесе дыбыстық жазу.

Пиктографиялық (суретті) жазу

Жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу – суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады. Зерттеушілер жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді.

Пиктографиялық жазудың кемшілігі: Пиктограммалар өте күрделі болады. Сондықтан да, адам ойының бәрін суретпен (пиктографиялық жазумен) жеткізе алмайсың. Әсіресе онымен абстракты мағыналы сөздерді (сын есімдер мен етістіктерді) таңбалау өте қиын. Мұндайда ол образды-символдық сипаты бар бейнелерді пайдалануға мәжбүр болады. Мысалы: ~ ~ ~ ~ «су», аяқтың атталу бейнесі – «жүру», нан + ауыз суреті – «жеу», құс + жұмыртқа – «туу» т.б.

Идеографиялық немесе логографиялық жазу

Идеографиялық жазужекелеген сөздерді, морфемаларды сурет арқылы немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы болады. Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталды. Лингвистикалық әдебиеттерде идеографияны логографиялық жазу деп атау кездеседі. Логограммаларды сөздерді белгілейтін таңбалар ретінде екі түрге бөліп қарауға болады. Оның бір түрі- иероглиф жазу.

Иероглиф жазуы

Иероглиф сөзі «киелі таңба» деген мағынаны білдіреді. Идеографиялық жазудың үлгілерін өте ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады. Қытай жазуының идеографиялық жүйесі осыдан 4000 жыл бұрын жасалған болатын. Египет, шумер, қытай жазулары логографиялық жазу болды.

Идеографиялық жазудың кемшіліктері: 1) Идеограммалар өзі белгілеген сөздің дыбысталуын білдіре алмайды; 2) Идеограммалар көп болады және күрделі болады; 3) Идеографиялық жазу грамматикалық формаларды белгілеуге келгенде өте икемсіз келеді. Идеографиялық жазудың үлгілерін қазіргі кездегі математика, химия, физика терминдерінің ішінде де кездестіреміз. Мысалы: + – «қосу», = – «тең», N – «түбір», H – «сутегі», F – «күш», т.б.

Буын жазуы

Идеографиялық жазудың даму барысында буын жазуы пайда болды. Бұл жазудың шығуына, біріншіден, бұған дейін қолданылып келген идеографиялық таңбалар аффикстерді, әсіресе шетел сөздерін, кісі, қала аттарын таңбалауға икемсіз болуы, екіншіден, ол идеографиялық таңбалардың саны көп болып, оларды меңгерудің қиынға соққандығы себеп болды.

Таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан буын жазуы үш түрге бөлінеді.

01

02

03

Ассиро-вавилон, элам, урарт, сына жазулары, майа жазуы, лигатурылы дыбыстық корей жазуы

Кипр, крит-микен және жапон буын жазулары

Үнді жазуының түрлі жүйелері

Буын жазуының түрлері

Үнді жазуы

Корей жазуы

Жапон жазуы

Дыбыстық жазу (әріп жазуы)

Жазудың дамып жетілген түрі, тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Дыбыстық жазулардың ең көне түрлері – финикий, арамей және грек жазулары. Көне түркі жазуы да дыбыстық жазудың ең ежелгі түріне жатады. Қазақ халқының жазу тарихы көне түркі жазуынан басталған. Түркі жазуында дауысты, дауыссыз дыбыстардың әрпі болған. Әріптер жуан, жіңішке дыбыстарды ажыратқан. Олар белгілі жүйеде қолданылған. Түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқы кейін мұсылман дінінің таралуымен бірге келген араб әліпбиін ұзақ уақыт қолданды.

1926 ж. Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиін қазақ тілінің ерекшеліктеріне сәйкес жеңілдетіп, “төте жазу” әліпбиін жасады. 1929 жылдан бастап 1940 жылға дейін қазақ халқы латын әліпбиінде жазып келіп, кейін кириллицаға көшті. Қазіргі түркі мемлекеттерінің көпшілігінде латын әліпбиіне негізделген жазуға көшу үрдісі қайтадан бел алып келеді.

Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы - ең қолайлы жазу. Қаріп – белгілі бір әліпбилік және сандық таңбаларды түсіндіретін литералар жиынтығы. Әр түрлі тілдерде буын саны мен сөздің дыбыстық саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін, әдетте 20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері меңгеруді, сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы – жаңа сөздерді ғана емес, сонымен бірге олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын дәлме-дәл белгілеу үшін өте қолайлы жазу.

Назарларыңызға рахмет!

Get in touch

Social

© Copyright 2013 - 2024 MYDOKUMENT.COM - All rights reserved.