Қазақша ертегі Ташматов Flipbook PDF

Қазақша ертегі Ташматов

27 downloads 120 Views 329KB Size

Recommend Stories


Porque. PDF Created with deskpdf PDF Writer - Trial ::
Porque tu hogar empieza desde adentro. www.avilainteriores.com PDF Created with deskPDF PDF Writer - Trial :: http://www.docudesk.com Avila Interi

EMPRESAS HEADHUNTERS CHILE PDF
Get Instant Access to eBook Empresas Headhunters Chile PDF at Our Huge Library EMPRESAS HEADHUNTERS CHILE PDF ==> Download: EMPRESAS HEADHUNTERS CHIL

Story Transcript

Қазақша Ертегілер

Шымкент 2022

Жыл мезгілдері Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бӛртеде Ақ жайықтың жағасында еліне елеулі, халқына қалаулы, бір домалақ ана ӛмір сүріпті. Сол анадан тараған тӛрт қыз бар екен. Олардың ауыз десе аузы, күндей жарқыраған кӛзі бар. Дүниенің сұлулығын ӛздеріне дарытқан сұлу қыздары болыпты. Анасы жақсы тәрбие беріпті, Үлкен қызының аты «Кӛктем». Ол ақ жарқын, мінезі нәзік. Екінші қыз «Жаз» жарқырап, жайдарлы, әр уақытта күлімдеп, нұрын шашып жүреді. Үшінші қызы «Күз» басқа қыздарға қарағанда жылауық, жаңбырлы болады, бірақ қолы ашық мырза екен. Ал кіші қызы «Қыс» басқа қыздарына қарағанда салқын, қаталдау. Қыздары бой жетіп, саналы да салмақты қыз болып ӛсіпті. Осы қыздарын домалақ ана ӛздерінің құтты орындарына қондырыпты. Үлкен қызы арыстай үш ұл туып, үшеуі де ел қорғаған батыр болыпты. Екінші қызы үш қыз туып үшеуі де адамзатқа жан жылуын сыйлай білетін мейірімді қыздар атаныпты. Үшінші қызы жаздай жайдарлы үш қызды дүниеге әкеліпті. Тӛртінші қызы берекесі мен ырысы мол, қолдары ашық, келген қонақты қадір тұтатын, қонақжай үш қыз ӛсіріпті. Осы тӛрт қыздан ӛрбіген ұрпақтары елге, халыққа пайдасын тигізіп, ел аузында аттары аңызға айналыпты. Олар жылдың тӛрт мезгілі мен он екі айы екен.

Мұрагер Бір шалдың тӛрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып: - Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әр қайсың маған байлыктарың мен ақылдылықтарынды кӛрсетулерің керек,— дейді. Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің кӛзін кӛрсетіп: - Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды,—дейді. Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де: - Мені осы түрімде кӛргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,— дейді. Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да: - Мұндай белдікті ешкім, ешқашан буынып кӛрген емес,—дейді. Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып: - Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?— дейді. Сонда кенжесі: - Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі қолым бар, кайрат-жігерге толы жүрегім бар,— дейді. Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сӛзі ұнайды. - Жұмыс істей білген адам жұтамайды, -деп, ӛзінің кенже ұлын үй шаруасын басқаруға мұрагерлікке атайды. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды ӛсиет етеді.

Ырыс жайлы аңыз Баяғыда бір жолаушы жолаушылап келе жатып шағын бір ауылға түсіпті. Ауылдың сыйлы кісінің үйіне дәл түскен екен, ол да жолынан жығылмай қонағын жік - жапар болып күтіп алыпты. Түннің бір уағында қонақ иттің ұлығанынан оянып кетіпті. Бұл қонақ жәй қонақ емес еді. Жер бетіндегі жан - жануардың тілін меңгерген ғалым адам болатын. – Қонақтың атын жеймін! – Ауыл сыртынан ұлыған қасқырдың дегеніне, үй иесінің иті: – Қонағымның атын жер болсаң сені адамдарға ұстап беремін – деп жауап қатып тұр екен. Қасқыр болса: – Бұл ауылды таң ата жау шабады – деп тайып тұрыпты. Қонақ үй иесін оятып, дереу ауылдың кӛшуін сұрапты. Ауылды кӛшіріп болған соң, ертесіне ескі жұртқа келсе кӛнбей қалып қойған екі үйдің шаңырағы ортасына түсіп жатыр екен. Жаңа қоныста түстеніп отырған қонақ: – Бұл үйдің ырысы итінде екен - ау, бұйымтай ретінде осы итті сұрармын – деп ойлапты. Сол мезетте ит киіз үйдің туырлығын иіскепті. Қонақ: – Ырыс туырлыққа ауды, туырлықты қалаймын – деп ойлап отыра беріпті. Сол оймен отырғанда сол маңайда жайылып жүрген жетім тоқты келіп сол туырлыққа сүйкеніп ӛтіпті. Бұйымтайын сұраған үй иесіне: – Маған анау қара тоқтыны сойып, етін түгелдей асып беріңіздер. Тек бір шартым бар еттен менен бұрын ешкім ауыз тимесін, - депті. Ауылдың бір жігіті тоқтыны әп-сәтте сойып тастайды. Бәйбіше етті толығымен қазанға салып асып енді әкеле бергенде үй иесінің ерке ұлы жүгіріп ӛтіп бара жатып бастың құйқасынан жұлып жеп үлгеріпті. Ет үстінде ауыл иесі: – Қадірлі қонағым, сен кеше ауылды ажалдан аман алып қалдың, сырыңды айтшы, - депті. Сонда қонақ: – Сізге ырыс қонған екен, сол ырысыңыз ауылды асырап отыр. Ырысыңыздың иесі итіңіз екенін сездім, соны қалаймын - ау деп ойлағаным сол еді, итіңіз туырлықты иіскеп ырыс туырлыққа ауысты. Туырлықты қалайын деп отырғанымда, оған тоқты сүйкенді. Сол тоқтының етін жеп ырысты болайын деп ойлаған едім, оны мына балаңыз бірінші жеп үлгерді. Ырыс енді осы балада. Құдайдың оң назары түскен пендесі екенсіз – деп сӛзін аяқтапты қонақ.

Алып қара құс – Самұрық Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты - Асан, ортаншысының аты - Үсен, ал ең кенже баласының аты - Хасан екен. Хасан ӛте сұлу, ақылды, әрі батыр, ақ кӛңілді бала болып ӛседі. Патша ұйықтап жатып түс кӛреді, түсінде бір ғажайып құс кӛреді. Құстың күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыласа, кӛзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрысымен Асан мен Үсенді шақырып алып айтады: «Мен түсімде бір тамаша, ӛмірімде кӛрмеген құсты кӛрдім, ӛзі ӛте сұлу, күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетін, жыласа, кӛзінен моншақмоншақ маржан түседі. Осы құсты қайдан да болса маған тауып әкеп бересіңдер. Егерде тауып әкеп бермесеңдер, бастарыңды аламын», - дейді. Асан мен Үсен әкесінен корыққанынан: «Қайдан да болса тауып әкеп береміз», - деп уәде береді де, жол жүріп кетеді. Бұл уақиғаны Хасан білмейді. Хасан әкесінің Асан мен Үсенді күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетін, жыласа, кӛзінен моншақ-моншақ маржан түсетін құсқа жұмсағанын қырық күннен кейін барып біледі. Асан мен Үсенді осындай алыс жолға жұмсап, ӛзінің үйде қалғанына қапа болып, әкесіне жылап келеді. - Әке, дейді Хасан, - Асан мен Үсенді жұмсаған жаққа мені неге жұмсамадыңыз, әлде мені ол екеуінен жек кӛресіз бе, я болмаса маған сенбедіңіз бе? Патша айтады: «Жоқ, балам, олай емес, мен Асан мен Үсенді ӛте қатерлі қиын жолға жұмсадым. Ал сені ол қиын сапарға жұмсауға қимадым!» Хасан әкесіне жалынып, сол құсты іздеуге разылығын алып, ел-жұртымен қош айтысып, екі ағасының артынан кетеді. Қырық күн бұрын кеткен ағаларын Хасан қуып жетеді. Ағайынды үшеуі бір үлкен жолға түсіп жүре береді. Бір күндері бұлардың жүріп келе жатқан жолы үш айрылады: бір жол оңға, бір жол солға, бір жол тура бетімен. Әр жолдың басында үлкен тас тұр, тастың бетіне ойып жазған жазуы бар. Бірінші жолда - «Барса, келер», екінші жолда - «Барса, мүмкін келер, мүмкін келмес», үшінші жолда «Барса, келмес» деп жазылған. Асан «барса, келер» жолына түседі. Үсен «барса, мүмкін келер, мүмкін келмес» жолына түседі, ал Хасан «барса келмес» жолына түсіп жүре береді. Бірнеше ай, бірнеше күн жүргеннен кейін Хасанның алдынан үлкен қала кӛрінеді, қаланың айналасында кӛп киік жайылып жүр. Хасанның осы кезде азығы таусылып бірнеше күннен бері ас ішпей, ашығып келе жатқан кезі екен. Киіктің біреуін атып алайын деп, беліне асынған садағын алып кезене бергенде, киіктердің бәрі маңырап Хасанды қоршап алып, мұңлы дауыспен шулай кетеді. Хасан киіктерді атпайды, «бұл жануарларға не болған» деп ойлап, ешнәрсеге түсінбестен қаланың ішіне кіреді. Бір үлкен сарайдың ішіне кіріп: «Кім бар?» - деп дауыстап еді, ешкім жауап бермеді. Жан-жағына қарап еді, бір алтын табақ тола қуырылған етті кӛреді, әбден ашыққан Хасан етті жемекші болып, табаққа қолын сала бергенде: «Әй, адамзат, тарт қолыңды!» - деп үсті-басы албажұлба, тісі ақсиған, түсінен адам қорқатын бір кемпір келіп, бір нәрселерді айтып аузын күбірлетті де, жерді теуіп қалды. Осы кезде Хасан киікке айналды. Әлгі кемпір Хасанның мойнынан жетектеп жаңағы маңырап Хасанның алдынан шыққан киіктерге апарып қосты. Хасан адамгершілік түрінен айрылғанмен, ақылынан адаспады. Кӛп киіктерден бӛлініп жаңағы ӛзі келген жолына түсіп, алған бағытына

қарай жүре береді. Бірнеше күн ӛткеннен кейін, алдынан жаңадан соғылған үлкен сәулетті бір сарай кӛрінеді. Киік болған Хасан сол сәулетті сарайдың ішіне кірді, алдынан бір сұлу қыз шығып, киікке қарап: «Сен киік емессің ғой, адамзатсың ғой, егерде мен сені адамгершілік қалпыңа келтірсем, сен мені аласың ба?» - деп сұрап еді, киік - Хасан тіл қатпады. Қыз айтты: «Сені киікке айналдырып жіберген менің залым анам ғой, сенің тіліңді де сӛйлетпей қойыпты ғой», - деді де киік - Хасанның бетіне бір уыс топырақ шашып жіберіп еді, Хасан бұрынғысынан да сұлу жігітке айналды. Хасан адам қалпына келген соң қызбен сыпайы амандасып, қызға үлкен алғыс айтты және де басынан ӛткізген тарихын баян етті. Қыз да басынан ӛткенкеткенін Хасанға айтып берді. Қыз айтты: «Мен сол сені киікке айналдырған жалмауыз кемпірдің жалғыз қызы едім, шешемнің адамға жасаған дұшпандығына тӛзе алмай, еншімді алып бӛлек шығып едім. Мен ӛмірімде адам баласын кӛрмей жалғыз ӛтермін деп қапалықта отыр едім, құдай сені маған кездестірді, мен сенің соңыңнан қалмаймын», - деді. Хасан айтты: «Мен әкеме берген уәдемді орындамай, саған үйлене алмаймын», - деді. Қыз сұрады: «Әкеңе қандай уәде берген едің?» Хасан әкесінің түсінде бір тамаша құсты кӛргенін, күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетінін, жыласа, кӛзінен моншақ-моншақ маржан түсетінін айтты. Сол құсқа әкесінің кӛруге құмар болып, екі ағасын «Соны тауып әкеліңдер» - деп жұмсағанын, ағаларының артынан барамын деп ӛзінің ӛтініп, қандай қиындық болса да тӛзіп, қайдан да болса құсты тауып әкеліп беремін деген әкесіне берген уәдесін айтты. Қыз Хасанның бұл сӛзін естіп жылай берді. «Сен бұл құсты іздейтін болсаң маған жоқсың. Бұл құс менің құсым еді, адамша сӛйлей алатын еді. Менен бұл құсты пері патшасының Күлжамал деген қызы әскерімен келіп тұрып тартып алып кеткен еді. Ол перінің елін іздеп табарсың-ау, бірақ та құсты саған оңайлықпен алдыра қоймас», - деді. Хасан айтты: «Мен қандай қиындыққа болса да тӛзуге тиіспін, қандай да болса құсты әкеме тауып апарып беру міндетім және борышым, ал құсты аман-есен тауып алып қайтсам, алдымен саған келемін, сенен басқа ешкімге үйленбеймін», - деді. Қыз Хасанның беттеген жағынан қайтпайтұғынын білген соң, Хасанға рұқсат беріп, жӛн сілтеді. - Батысқа қарай тоқсан күн жүресің, одан кейін алдыңнан аспанмен таласқан биік тау кездеседі, сен ол таудың ар жағына тоқсан күн дегенде ӛтерсің. Сол таудың арғы түбінде үлкен жалғыз түп бәйтерек бар, сол бәйтеректің басында самұрық құстың ұясы бар. Сені, мүмкін, сол самұрық перінің еліне жеткізер», - деді. Содан кейін қыз айтты: «Менін залым шешем тірі тұрғанда екеумізді бірге ӛмір сүргізіп қоймайды, бір зиянын тигізеді, менің шешемнің ажалы мынадан болады», - деп бір садақтың оғын берді. - Қалай қарап атсаң да, менің шешемнің маңдайына тиеді, - деді. Хасан садақтың оғын алып, кӛп кідірместен атып жібереді, атылған оқ жалмауыз кемпірдің маңдайынан тиіп сол заматта ӛлді. Бұдан кейін Хасан қызбен қош айтысып батысқа қарай жүріп кетті. Қыз айтқандай Хасан тоқсан күн жүріп аспанмен таласқан үлкен тауға кездесті, таудың ар жағына тоқсан күн дегенде зорға деп асып түсті. Үлкен жалғыз түп бәйтерекке келіп саясында демалып отыр еді: «Әй, адамзат, бізді ӛлімнен құтқар, құтқар!» - деп шырылдаған самұрық құстың балапандарының даусын естіді. Хасан: «Бұл мүсәпірлерге не болды?» - деп қарап еді, бір үлкен айдаһар жылан балапандарды жұтуға әзірленіп, бәйтеректің басына қарай жылжып ӛрмелеп бара жатыр екен. Хасан кӛп ойланбай, дереу

қынаптағы қылышын суырып алып айдаһарды бірнеше жерден шауып ӛлтірді. Самұрық құстың балапандары ӛлімнен аман- есен құтылғанын біліп, Хасанға кӛп рақмет айтты, ашығып отырған балапандар айдаһардың етін жеп тойып алды. Дәл осы кезде қатты жел тұрып, нӛсер жаңбыр жауды. Хасан балапандардан сұрады: «Бұл не қылған жел, не деген нӛсер жаңбыр?» - деп. Балапандар айтты: «Бұл жел емес, біздің анамыздың қанатының лебі, ал жаңбыр дегеніміз - біздің анамыздың кӛз жасы. Біздің анамыз жылда осы бәйтеректің басына жұмыртқалып, балапан басып шығарады екен. Анамыз балапандарына тамақ іздеп кеткенде, жаңағы сіз ӛлтірген айдаһар інінен шығып, біздің анамыздың басып шығарған балапандарын жеп қояды екен, біздің анамыз келгенше қайтып ініне тығылып қалады екен. Қазір біздің анамыз аң аулап қайтып келе жатыр, біздерді тірі кӛремін бе, әлде айдаһар жеп қойды ма деп жылап келе жатыр. Міне, ол жаңбыр емес, біздің анамыздың кӛз жасы», - деді. - Біздің анамыз, - деді балапандар, - адамзаттың етіне сондай құмар. Сізді кӛрсе дереу жұтып жіберуі мүмкін, сондықтан сіз біздің қанатымыздың астына жасырына тұрыңыз, - деді. Хасан балапандардың қанатының астына жасырынды. Бір мезгілден кейін самұрық құс келіп бәйтеректің басына қонды. Самұрық құстың салмағынан бәйтерек иіліп жерге тиді. Балапандарының тамағына кӛп бұғы, киік, тағы басқа аңдарды алып келіп үйіп тастады. Балапандарының тірі екенін кӛріп кӛз жасы тыйылып, қуанып кетті. Дәл осы кезде жадырап күн де шығып, катты жел де тыйылды. Бір кезде самұрық құс тамсанып жан-жағына қарай берді: «Адамзаттың иісі шығады, сендер кӛрген жоқсыңдар ма?» - деді. Балапандар айтты: «Егер сіз бір касық қанын кешсеңіз, біз адамзатты кӛрсетелік», - деді. Самұрық «мақұл» дегендей бас изеді, балапандар қанатының астындағы Хасанды кӛрсетіп еді, самұрық Хасанды жұтып жібере жаздады. Балапандар шыр-шыр етіп, анасының тамағынан ұстай алды. Содан кейін самұрық балапандарынан: «Бұл адамзат сендерге қандай жақсылық істеді?» - деп сұрады. Балапандар айтты: «Бұл адамзат айдаһарды ӛлтіріп, бізді ажалдан құтқарды», - деді. Самұрық Хасанға үлкен алғыс айтып, не жұмыспен келгенін сұрады және де қандай жәрдем керек деді. Хасан басынан кешкен уақиғаны жасырмай айтып берді және перілердің жеріне жеткізіп тастауды ӛтінді. Самұрық «мақұл» деп жол қамына кірісті. Балапандарына ӛзі қайтып келгенше жетерлік ауқат жинап беріп, жолда жейтін азығын да алып, үстіне Хасанды мінгізіп перінің жеріне қарай ұшады. Самұрық бір жеті ұшады, мұхиттан ӛтеді, шӛлден ӛтеді, от дариясынан ӛтуге жақындағанда жейтін тамағы таусылып, басы айналып, кӛзі қарауытқан самұрық састы. - Ей, адамзат, баратын жерімізге жете алмаймыз-ау, менің әлім құрыды, құлауға айналдым! - дейді. Хасан дереу екі санының етінен екі жапырақ ет кесіп, самұрықтың аузына тосты. Самұрық Хасанның берген етін жеп, күшіне келеді. Содан кейін самұрық Хасаннан сұрайды: «Бұл қайдан шыққан ет? Сондай дәмді, әрі күш беретін ет екен», - дейді. Хасан айтты: «Мен сізге санымның етін кесіп бердім». Самұрық Хасанның екі санындағы жарасын дереу сипап еді, жара жазылып кетті. Осыдан кейін кӛп ұзамай-ақ самұрық пен Хасан перінің жеріне келіп жетті. Самұрық айтты: «Перілер бір ұйықтаса қырық күн ұйықтайды. Перілердің ұйықтағанына қазір үш күн бопты. Мен сені осы жерде үш күн күтемін, үш күнде қайтып келмесең, мен саған қарамай-ақ ұшып кете берем», - дейді. Хасан үш күнде қайтып келуге уәде беріп, қалаға қарай кетеді. Қала ӛте сұлу екен, ылғи

алтыннан соғылған, бұрын мұндай сұлу қала кӛрмеген Хасан қаланы тамашалап, құсты да, самұрықты да ұмытып кетеді. Хасан бір кезде қаланы аралап жүріп, бір үлкен тамаша соғылған сарайға кіреді. Сарайдың ішінде қырық қыз ұйықтап жатыр, ар жағында оңаша бір бӛлмеде алтын кереуеттің үстінде тағы бір қыз ұйықтап жатыр. Одан әрі тағы бір бӛлмеге кіріп еді - жаюлы дастарқан, неше түрлі тамақ. Тамақтан алып жейін деп еді, бір нәрсе шаңқ ете қалды: «Әй, адамзат, біреудің тамағын неге рұқсатсыз жейсің?» - деп күліп жібергенде аузынан будақбудақ гүл түседі. Хасан қараса, ӛзінің іздеп жүрген құсы екен, алтын қапаста отыр. Хасан қуанып кетті. Құсты алып самұрыққа тез қайтпақшы болып, құсқа ұмтылғанда құс шар ете түсті. «Сен мені алып кете алмайсың. Егерде мен ащы даусыммен сайрасам, осы қаладағы ұйықтап жатқан перілердің бәрі оянады. Ал, сенің бір мысқал етің бұл жерде мың ділда тұрады, мені ескертпеді деп ӛкпелеме, ендігісін ӛзің біл», - деді. Хасан құсқа жалынып жылай берді. Жолда кӛрген уақиғаларын және де құстың бұрынғы егесімен қосылмақшы болып уәделескенін айтты. Құс Хасанның кӛңілін қимай: «Мақұл, мені алып кете ғой, бірақ жолда кӛрген оқиғаларыңды айтып хат жазып, ана бӛлек бӛлмеде ұйықтап жатқан қыздың қалтасына сал», - деді. Хасан құстың айтқанын орындады. Содан кейін құсты алып самұрыққа келді. Самұрық енді болмаса ұшып кетейін деп отыр екен. Хасан құспен самұрықтың арқасына мініп кӛп қиындық кӛрмей, самұрықтың балапандарына аман-есен жетті. Ар жағына жету үшін самұрық қанатының бір қауырсынын үзіп берді. Хасан құспен самұрықтың қанатының қауырсынына мініп уәделескен қызына келді. Қыз қуанып Хасанды, құсты бар ынтасымен қарсы алды. Бірнеше күн демалған соң, Хасан қызды, құсты алып, самұрық берген қауырсынға мініп еліне қарай жүріп кетті. Бірнеше күн жүрген соң, алдынан жаяу келе жатқан бір адамға жолықты. Қараса, ӛзінің ортаншы ағасы Үсен екен, жолда жол азығы таусылып бір байдың малын бағып күнін кӛрген, содан кейін еліне жаяу қайтып келе жатыр екен. Ӛзі әбден аштықтан азған, киімдері тозған. Хасан Үсенді суға түсіріп, үстіне жаңа киімдер кигізді, тамаққа әбден тойғызды. Сӛйтіп, ӛздерімен бірге қауырсынға мінгізіп келе жатса, Үсеннің халінен де жаман азып-тозған, биті торғайдай, мойны ырғайдай болған Асанға кездеседі. Хасан Асанды да Үсен сияқты жуындырып, киіндіріп, тамаққа тойғызып, қауырсынға мінгізіп алып жүреді. Бір күні бұлар бір жерге келіп қонады. Осы кезде Асан мен Үсен екеуі ақылдасады. «Біздің әкеміз бұрын да біз екеумізден Хасанды жақсы кӛруші еді, енді Хасан елге барған соң құсты мен таптым, қызды да ӛзім таптым дер, ал бізді аштан ӛлейін деп келе жатқан жерінен ӛзім тамаққа тойындырып алдым дер. Әкеміз екеуміздің байға жалданып мал баққанымызды естісе, менің атыма дақ келтірдіңдер деп дарға асуы да мүмкін. Қайткен күнде де Хасанның кӛзін жою керек, содан кейін құсты ӛзіміз тауып алып келдік дейміз», - дейді. Екеуі осылай етіп келісіп, Хасанға келеді. «Бізге құдықтан су алып бер», - дейді. Хасан «мақұл» деп беліне жіп байлап терең шыңырау құдыққа түседі. Асан мен Үсен Хасан құдықтың дәл ортасына жетісімен жіпті пышақпен кесіп жібереді. Хасанды құдыққа тастағаннан кейін Асан мен Үсен қызды «мен аламын», «мен аламын» деп таласып қалады. Қыз екеуіне де тимей, айдалаға қаңғырып кетеді. Асан мен Үсен құсты алып еліне келеді. Әкесіне құсты алып келгенін баяндайды. Патша Асан мен Үсеннен: «Хасан қайда?» - деп сұрайды. Асан мен Үсен: «Хасан біздің

айтқанымызға кӛнбей, теңіздің суына шомылып жатқанда, жайын жұтып қойды. Бірақ біз жайынды ӛлтірдік, Хасанның кегін алдық», - дейді. Патша Хасанның ӛлгенін естіп, қатты қайғырып басын кӛтермей күн-түн жатып алады. Дәл сол күні перілер ұйқысынан оянады, пері патшасының қызы қапастағы құстың жоқ екенін біліп қалаға жар салады. Қалтасындағы хатты кӛріп, құсты адамзаттың алып кеткенін біліп, пері патшасының қызы әскерімен құсты іздеуге аспанға ұшады. Хасанның әкесі бір күні ӛзі орнынан тұрмастан: «Құсты сайратыңдар!» - деп бұйрық береді. Құсты алтын қапасқа отырғызып сайратады. Құс қайғылы, мұңлы үн, ащы дауыспен сайрайды. Дәл осы кезде аспанда ұшып, құсты іздеп кең аспанды кезіп жүрген перінің қызының әскерлері Хасанның елінің үстінен адам болып түсе береді. Аспаннан адам жауған соң, Хасанның елінің адамдары үрейленіп, қорқып патшаға келіп тығылады. Пері патшасының қызы әскерімен құстың тұрған жеріне келіп, патшаны алдына шақырады. Патша жатқан орнынан тұрып киімін киіп, белін буынып, аллаға сиынып, пері патшасының, алдына келеді. Пері қызы патшадан сұрайды: «Ей, адамзаттың патшасы! Мына құсты қай балаңыз алып келді, соны маған кӛрсетіңіз, мен сіздің сол балаңызбен сӛйлесер едім», - дейді. «Әй, пері қызы! Осы құсыңды мен түсімде кӛріп, бір кӛруге құмар болғаным рас. Алып келіңдер деп үш баламды жұмсағаным рас. Ал, сол үш баламның екеуі аман қайтып келді, ал ең кішісі жақсы кӛретін балам қайтпады, жолда балық жұтты деп келді, ӛтірік-расын әлі анықтағаным жоқ. Ал, сол баламның қайғысынан мына құсты осы бірінші рет кӛріп тұрмын, ендігісін ана тірі келген екі баладан сұраңыз!» - деді де патша үйіне кетті. Пері қызы Асан мен Үсенді шақырып: «Қалай алып қайттыңдар, соны айтып беріңдер», - деді. Асан мен Үсен: «Е, қалай алып қайттыңдар дейтін несі бар, жүйрік атпен бардық та, алып қайттық», - деді. Пері қызы айтты: «Сендер шындарыңды айтпай отырсыңдар, бәрібір мен қазір құсты сӛйлетемін, құс барлық шындықты айтып, сендердің сӛздерің ӛтірік болса, бастарыңды аламын!» - деді де құсқа «сӛйле» деп белгі берді. Құс жолда болған оқиғаның бӛрін айтты: «Хасан ақ кӛңіл, қайырымды жігіт екен, жылап қоймаған соң, ергенім рас, Хасан мені алып менің бұрынғы иемнің үйіне әкелді. Содан кейін бәріміз осы жаққа қарай келе жатқанымызда жолда азып-тозып, ашығып келе жатқан Асан мен Үсенді кездестірдік. Хасан бұл екеуін тамаққа тойындырып, киім киіндіріп еді, бұлар Хасанға қастық ойлап құдыққа алдап түсіріп тастап кетті. Содан кейін менің бұрынғы иемді екеуі «мен аламын», «мен аламын» деп таласып еді, ол қыз екеуіне де тимей, айдалаға қаңғырып кетті. Олардың аштан ӛлетін уағы болған жоқ, әлі тірі болуы мүмкін», - деді. Пері қызының бір әскері жер жүзін бір сағатта айналып шығатын жүйрік екен, пері қызы сол жүйрікті жұмсады, ал Асан мен Үсеннің басын кесіп алды. Пері кызының мұнысына барын ӛз құлағымен естіген патша қарсы болған жоқ. Асан мен Үсеннің басы алынып болған кезде жүйрік пері Хасан мен қызды алып келді. Пері қызы Хасанның батырлығына, адамгершілігіне риза болып, құсты ӛз қолынан Хасанның әкесіне сыйлайды. Патша пері қызына алғыс айтып қырық күн той, отыз күн ойын жасады. Пері қызы әскерімен қонақ болды. Сонымен адал адамдар ӛз мақсаттарына жетіп, бақытты ӛмір кешті.

Екі дос Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жӛнеледі, екіншісі талға ӛрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді. Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Ӛлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады. Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға ӛрмелеп кеткен досы тӛмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді. Сонда досы: «Досына қауіп-қатер тӛніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.

Алтын санаған аштан өледі Қай заманда ӛткені белгісіз, Сағат есімді үрерге иті, сығарға биті жоқ, сіңірі шыққан қу кедей болыпты. Ол бірде аштықтан кӛзі қарайып, басы ауған жаққа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқы мендеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетіпті. Арқасына аяздай батқан жоқшылық ұйықтаса да қыр соңынан қалмаса керек. Түсінде де осы азаптан бас сауғалап, қашып келе жатса, алдынан сақалы белуарына түскен аппақ қудай қария шығады. Жарлының жолын кес-кестеп: – Оян! – депті. – Ӛзің жантайған құмайттың оң жағына қарай он қадам жүрсең, ескі жертӛленің орны бар. Сол арадағы қираған ошақтың астын сынық сүйемдей қазсаң, Сүлеймен саудагердің былғары сақтияны табылар. Сақтияның аузын ашып-жапқан сайын ішінен бір теңгелік алтын ділдә аласың. Енді қалған ӛміріңе бұйырған несібе осы қанағат қылсаң, қарның тояды, - дейді де ғайып болады. Жүрегі алып-ұшып, орнынан атып тұрған Сағат ұйықтаған жерінен оңға қарай он адым аттайды. Опырылған жертӛленің оқпандай орнына кезігеді. Құлаған ошақтың орнын тырналап қазып жатып: ― Осыдан шалдың айтқандары расқа шығып, бір ділдә тапсам – тойынып тамақ ішермін. Екі ділдә тапсам, дүние – ай, бала шағамның жүрегін жалғар едім. Егер үш ділдәға жетсе, әйеліме арнап кӛйлек сатып алар едім, - деп қиялдайды. Шалдың берген аяны айнымай келеді де, айтқан орыннан әмиян табылады. Бір ашса – бір ділдә, екі ашса – екі.... Әмиянды жүз ашқанда, үйіліп жатқан ділдәларды кӛзімен жей отырып, Қарақұмның қақа ортасынан хан сарайындай күмбезді үй салуды армандайды. Қарнының ашқанын да, балаларын да, бұл дүниеде әйелінің бар екенін де ұмытады. Кӛзіне қызылдыжасылды дүние елестеген Сағат мың, он мың, жүз мың, ..., миллион рет ашамын дегенше, арада екі апта уақыт ӛтіпті. Ӛстіп отырғанда дүниеқоңыз сорлының жүрегі үзіліп, бұл дүниемен қош айтысқан деседі.

Балықшы мен сиқыршы Баяғы ерте заманда кемпір мен шал ӛмір сүріпті. Олардың бір қызы бар екен. Шал балық аулап, кемпір ау жамап күндерін кӛріпті. Бір күні балық аулап отырған шал ағып келе жатқан бір сандықты кӛреді. Сандықты судан шығарып, үйіне апарады. Кемпір мен қызы екеуі жабылып сандықты аша алмайды. Осы кезде кӛмекке шал келіп, зорға дегенде сандықтың аузын бұзады. Қараса, ішінде жеті бүктеліп айдаһар жатыр екен. Ол басын кӛтеріп: - Сен маған жақсылық жасадың. Мен бір ғасыр бойы осы сандықтың ішіне кептеліп жаттым, сендер мені босаттыңдар, сол замандағы бір сиқыршы маған ӛшігіп, айласын асырып

осы сандыққа салып, аузын мықтап құлыптап тастады. Сандықтың іші тым тар болғандықтан бар қасиеттен, күштен айырылдым. Күн кӛзін кӛрмегендіктен соқыр бола жаздадым. Енді болмағанда аштан да ӛлер едім, — деп, үшеуіне де тиіспейді, керісінше: - Осы жақсылығың үшін мен сені балығы кӛп жерге алып барайын, сол жаққа кӛш, — дейді де ӛзі бойын жазып, тынығып алған соң оларды ертіп балығы мол жайлы жерге кӛшіріп апармақ болады. Кемпір мен шал: - Жарайды, кӛшелік, — деп келіседі. Бірнеше күн ӛткен соң, сәл де болса күш жинаған айдаһар арқасына үшеуін отырғызып, олардың жүктерін артып айтқан жеріне жеткізеді. Кемпір мен шал айдаһар кӛрсеткен жерге үйін тігеді, қыздары оларға тамақ әзірлейді. Бәрі бірге отырып жаңа қоныста тамақ ішіп болған соң айдаһар олармен қоштасып ӛз мекеніне ұшып кетеді. Енді шал балық аулауға судың жағасына барады. Сәлден кейін қармағына бір үлкен балық түседі. Балықтың үлкендігі сондай, шалдың оны тартып шығаруға әлі келмейді. Күші жетпеген соң кӛмекке кемпірі мен қызын шақырады. Үшеуі жабылып жүріп, зорға дегенде сол балықты сыртқа алып шығады. Шал осылай тағы екі балық аулапты. Енді ол осы үлкен үш балықты алып, сол жердегі ханның үйіне барады. Хан балықтарды кӛріп, олардың үлкендігіне таң қалады. Шалға үш табақ алтын беріп, ғажайып балықтарды сатып алады. Ханның сыйлығына разы болған шал үйіне оралады. Хан болса кешке балық жегісі келіп, аспазшысына балықтың біреуін қақтатып әкелуін бұйырады. Аспазшы балықты алып тазалай бастағаны сол еді, кенет балыққа тіл бітіп: - Мені жеме, үлкен қателік жасайсың, — дейді де, жоқ болып кетеді. Аспазшы болған оқиғаны ханға келіп айтады. Сонан соң хан тағы біреуін пісіртпек болады. Ол да күл болып кетеді. Соңғы балықпен де осындай оқиға болады. «Бұл неткен ғажайып» деген оймен хан балықтарды әкеліп берген шалдың үіне келіп, одан балықты қай жерден аулағанын сұрап береді. Енді хан қылышын алып сол жерге барады. Суды жағалап келе жатып, басы – бас, арты –тас бір адамды кездестіреді. Хан: - Сен кім боласың? Не қылып отырған адамсың? – деп сұрайды. Басы бас, арты тас кісі: - Сұрап не қыласың, тез арада бұл жерден кет, — деп жауап береді. - Неге кетуім керек? – дейді түкке түсінбеген хан. - Бұл ұзақ оқиға, жазықсыз сен де бір пәлеге душар боларсың, қазір әйелім келіп қалады, кет, — дейді. Хан: «Айт, айт!» деп қоймаған соң, басы бас, арты тас кісі: - Мен ӛзім үш рулы елім бар, соны билеп тұратын хан едім. Бір күні ел аралап, үйге келсем, малайларым жылап отыр. - Ау, неге жылайсыңдар? – деп сұрадым. Олар:

- Ойбай, сіздің бәйбішеңіз осындағы бір сиқыршы дәумен тамыр болып, сиқыр оқуын үйреніп алды. Енді сізден құтылудың амалын ойластыруда. Бір күні сізді ӛлтіреді ғой деп, соған жылап отырмыз, — деді. – Түнде сіз ұйықтап жатқанда байлаулы тұрған тұлпардың біреуін мініп, мына жолмен барып, мына жолмен келеді. - Осы айтқандарыңды дәлелдей аласыңдар ма? – деген едім: - Күнде кешке жықын кетеді. Бүгін де барады, — деп малайларым сӛзін жалғастырды. Бұ әңгімені естіген соң, мен әйелімді түнде аңдыдым. Ол кеткен соң, киініп артынша шықтым. Барсам, әйелім қайтып кетіпті. Сол жерде малайларым айтқан дәуді кездестірдім. Ашумен барып оны қылышпен салып қылып, ӛлтірдім. Үйге қайтып келіп орныма жаттым. Ертеңіне тұрсам, әйелім жылап отыр екен. - Неге жылайсың? Бостан-босқа адам жылай ма? – дегенім сол еді, әйелім бір табақ суды шашып жіберді. Осыдан кейін ӛзің кӛріп тұрған басы – бас, арты – тас адамға айналдым. Мұнысымен қоймай елімді үш айыр су қылып, халқымды балық қылып жіберді. Ӛзі күніге мына жолмен ӛлген дәуге барып, мына жолмен қайтады. Оның сүйегін құшақтап жылайды. Келіп мені ұрып кетеді, — деп сӛзін бітірді. Әңгімені тыңдаған хан: - Қане, сол жолмен мен де барып кӛрейін, — деп, дәудің сүйегі жатқан жерге келеді. Келіп қараса, расында да, дәудің сүйектері жатыр екен. Енді хан басы – бас, арты тас адамға кӛмектескісі келеді. Осы оймен дәудің сүйектерін құртып, орнына жатады. Бірнеше уақыттан соң осы араға тасқа айналған ханның әйелі келеді. Бірақ дәудің орнында басқа адамның жатқанын байқамайды. Әйел келе дәуді құшақтай: - Ойбай, сен тірілер күн бар ма екен? – деп еңіреп жылайды. Осы кезде хан қозғалып: - Мен «байыңды басын – бас, арты – тас қыл» деп пе едім. Бар, орнына келтір, — деп зіркілдейді. Бұны күтпеген әйел сасып қалады. Сол кезде хан орнынан тұрып, әйелді күйеуінің қасына ертіп барады. Әйел тағы бір табақ суды шашып жібереді. Осы кезде бәрі бұрынғы қалпына қайта оралады. Әйел дәудің сиқырынан арылады. Хан тағына мініп, баяғы ханмен дос болып мұратына жетеді. Осының бәріне себепкер болған шал мен кемпірдің қызын басқа ханның ұлына қосып, үлкен той жасап берген екен дейді.

Хан мен құмырсқалар ертегісі Баяғы заманда бір хан ӛмір сүріпті. Ол ӛзін әлемдегі ең ақылды, ең білгір адам деп санаған екен. Бірде хан ӛзінің әскерін ертіп аң аулауға шығады. Және шабармандарын жан-жақтағы құмырсқаларға, кішкентай жәндіктерге хабар айттыру үшін тездетіп жолға шығарады. Хан: ”Барлық құмырсқаларға, құрттарға және басқа да кішкентай ақымақ мақлұқтарға ‘Он күн бойы індеріңнен шықпаңдар’ деп ескертіңдер. Егер айтқанды тыңдамаса, онда менің атты әскерім оларды таптап ӛтеді” деген бұйрығын айтады. Барлық жәндіктер мен құрттар қатты қорқып

індеріне тығылып, шықпай қалады. Тек құмырсқалар ғана ханды ӛздерінің ауылдарында қарсы алмақ болып, індерінде тығылып отырмайды. Уақыты келіп, хан ӛзінің әскерімен келе жатса, жолдарында жыбырлап жүрген құмырсқаларды кӛреді. —” Мен бұлардың барлығына ескертпеп пе едім?! Құмырсқалардың менің айтқанымды тыңдамай сыртта жүргендері қалай?” деп сұрайды. Ханның жанындағы қызметшілері абдырап, абыржып қалады. Біраз жер жіріп барып, хан ӛзінің нӛкерлеріне ”Құмырсқалардың патшасын алдыма әлып келіңдер!” деп бұйырады. Құмырсқаның патшасы ханның алдына келгенде хан: — ”Неге менің айтқаныма құлақ аспай, жолда қырсығып тұрып алдыңдар?” деп сұрайды. — ”О, тақсыр! Біз сізді ауылымызға шақырып, қонақ етпекші едік” деп құмырсқаның патшасы жауап береді. Патша бұл жауапты естігенде мысқылдап күледі де: — Әй, ақымақтар-ай! Ойлаңдаршы. Біз сендердің ауылдарыңа қонақ болдық делік. Сонда сендер бізді қалай тамақтандырмақсыңдар, қалай шӛлімізді қандырмақсыңдар? Біздің әскеріміз бен аттарымыз кӛп. Ол жайлы ойландыңдар ма? — ”Ол жағына алаңдамаңыздар. Біз бәріміз жұмыла еңбек етсек, тауды да қопарып жіберуімізге болады” деді құмырсқаның патшасы. — ”Егер сендер ақылға қонымды сӛз айтсаңдар, мен сенер едім. Бірақ сен бос сӛзді далбасалап отырсың” дейді киіздің үстінде жайғасқан хан. — О, тақсыр! Сарбаздарыңызға аттан түсуді бұйырыңыз. Мен сіздерді ӛз үйімде қонақ қылып күтпесем, несіне құмырсқалардың патшасы болып жүрмін?! Бұл сӛзге таңданған хан күліп жібереді. — ”Жарайды. Біз барамыз сендерге” деп, аттағы сарбаздарына тездетуді бұйырады. Сонымен хан мен оның әскері құмырсқала рдың арнайы тігілген шатырына келеді. Аттарды ат байлайтын орынға байлайды. Құмырсқалардың патшасы ӛзінің маңындағы құмырсқаларға нанның қиқымын, бір шӛптің қиқымын және судың тамшысын әкелуді бұйырады. Бұйрықты тыңдаған құмырсқалар жан-жаққа кетіп, біразу ақыттан соң тапсырылған нан ұнтағын, судың тамшысын және аттарға арналған шӛптің қиқымын алып келе бастайды. Содан біразуақыт ӛткенде шатырдың алдында наннан тау жасалады, шӛптен мая жасалады ал шұңқырға су толтырылып, хан мен оның әскері және аттары тойғандарынша тамақтанып, шӛлдері қанғанша судан ішеді. Құмырсқалардың әрекетіне таң қалған хан ӛзін олардың алдында тӛмен сезінеді де, құмырсқаның патшасына сӛзбен тиісуге тырысады. Патша: — Әй, құмырсқалардың патшасы, сенің басың неге қазандай үлкен? — Тақсыр, мүмкін ақылымның кӛп болғандығынан болар. — Ал белің неге үзілейін деп тұр? деген ханның сұрағына құмырсқалардың патшасы ақылдылығымен: — ”Әрбір қиын еңбектің алдында белімізді буып алып, содан соң кірісеміз, тақсыр. Міне, бүгін сіздерге қалай еңбек ететіндігімізді кӛрсеттік” деп жауап қатады. Құмырсқаның жауабына аузы ашылып қалған хан енді не сұрарын білмей абыржып тұрғанда уәзірі құлағына келіп сыбырлайды: — Хан ием, сіздің ақылыңыз дариядай кең. Қалайша сӛз таппай қысылып қалдыңыз? деп әдейі сұрайды. Сонда хан кӛзін тӛмен қаратып: — ”Даналық сӛз тек қана ақымақтарды ғана масқаралайды. Мен доғардым.” деп, атына міне жӛнеледі. Бара жатқан аңшылығы іске аспай қалады. Ӛйткені масқара халге түскен хан әскерін ертіп еліне қарай шаба жӛнеледі. Міне, осылайша ӛзін ең ақылды санаған ақымақтың беті ашылып, ұятсыздығы мен ақымақтығы әшкере болады.

Get in touch

Social

© Copyright 2013 - 2024 MYDOKUMENT.COM - All rights reserved.